Feeds:
Жазбалар
Comments

Осыдан тура жетпіс жыл бұрын, 1940 жылы шілденің 27-сі күні Моңғолия үкіметі мен парламенті қазақ ұлттық аймағын құру туралы қаулы қабылдады. Сол жылы тамыз айында Қобда өзенінің жағасында 20 киіз үй тігіліп, алғашқы аймақтық әкімшілік жұмысын бастаған болатын.

Кезінде Моңғолия үкіметінің вице-премьері, Моңғол парламентінінің төменгі палатасы Кіші Хурал спикерінің орынбасары қызметтерін атқарған, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институтының бас ғылыми қызметкері Зардыхан Қинаятұлы Баян-Өлгий аймағының саяси-тарихи мәні жөнінде Азаттық радиосына берген арнайы сұхбаты.  Continue Reading »

Аса құпия дайындық: сыр – Отаның, жан – өзiң
Сатей Нұртазаұлы көркем әдебиет саласында да елеулi еңбек еткен қаламгер. Оның әңгiме, повестерi моңғол, қазақ баспасөзiнде жарияланды. Б.Моңғолханмен бiрлесiп Ш.Мұртазаның “Қызыл жебе” романын моңғол тiлiне аударды. “Келiн” және “Таразы” кiтаптары жарық көрдi.
Сәтей Нұртазаұлы 2010 жылы маусымның 14 күнi Алматы қаласы, Байбесiк ауылында дүние салды. Марқұмның атам жайлы, халық қаһарманы, Моңғолияның халық батыры атанған Ноғай Шымшырұлы туралы естелiгiн назарларыңызға ұсынып отырмын.

Ноғай Шымшырұлының атын көптен естимiн. Ел көлемiнде даңқты адам. Басында интелегенттiгiмiз ұстап үш бөлмелi пәтерде тұрдық. Жас отбасымыз. Айтайын деп отырғаным үйдiң майын, электр, судың ақшасын төлей алмай, борышқа баттық. Бiр күнi тоқты қиып, айыппұл салып кеттi. Қайран қалдық. Ендi қайтуiмiз керек? Тауым шағылды… “Пәтерi құрсын!” от жағып, ас су пiсiрiп отыра беретiн үй iздеу керек болды. Сол кезде Өлгейлiктер жақсы бiлетiн, Ноғай ақсақалдар қыстап жүретiн “Сары ала там” атанған жай тұрғын үй бар едi. Әлгiден екi үй алып күн көрiп жаттық.
Осылай, Ноғай ақсақалмен көршi болдым. – Аймақ орнағанда тура хатшылыққа қоятынын бiлмеген едiм. Сауатым қазақша баршылық, ескi моңғолша жазамын, оқимын, ұраңқай тiлдiмiн – деп бастады әңгiмесiн Нокең. – Сонан ба, әлде мiнез-құлқым жақты ма, жұмысқа бекiтерде Х.Чойбалсанға “мүмкiн болса оқуға жүргiзiп берiңiздер” деп тiлек айттым. Үш жылдан соң партия оқуына шақырды… Бiр күнi сабақта отыр едiк, класқа зәкiрiл (директор) кiрiп келдi. Барлығымыз орнымыздан ұшып тұрдық. Артына қарап ишарат етiп едi, сап-сары ала киiнген офицер кiрiп келдi. “Басқаларың отыр, Ноғай сен бiзбен бiрге жүр” – дедi. Менiң жүрегiм зу ете түстi… Iшiмде неше түрлi қауiп бар. Талай тарланды құртқан “көк қалпақтыға” мен сөзбiн бе? Continue Reading »

Тілдер жиналды. Тілдер айтысты.

-  Мен дүние жүзіндегі ең өтімді тілмін! – деді азу тістері сақылдаған қалпақты жуан астам үнмен ақсия жымиып. Тілдер қандарын ішіне тартып, үнсіз қалды. Шарасыз мойындау.

-  Мен бір жарым миллиад халықтың сөзін сөйлеймін! – деді қысық көз тайпақ қара шәңк-шәңк етіп. Еңсені езген жым-жырт тыныштық. Бұл тыныштықта қорқыныш, шошыну, құрмет…  – бәрі бар еді.

-  Я – «велик и могуч!» – деп, аюша ақырды кеудесі есіктей сары сақал. Желігіп, айтыс кезегін күтіп тұрғандардың біразының пысы басылып, мыштай болды.

Аз үнсіздіктен соң:

-  …Өз несібем өзіме жетеді… Ешкімге күнім қарап тұрған жоқ! – деп, кісімсіді біреу танып, біреу танымайтын ала шапан, ала тақиялы, өзіне өзі риза кейіптегі бір тоқмейіл жылпос. – Құдай арамыздағы кейбіреулердің кебінен сақтасын… деді тағы тыныш тұрмай.

Сол кезде топ ішінен біреу жөткірінді. Түкірігін жұтынды. Сорайған ағаш кеңірдегіндегі жұтқыншағы жоғарылы-төмен жүгіріп, сүмірейген бір арық сүйретіліп алға шықты. Даусы жер астынан шыққандай мыңқылдап бірдеңе деді. Ешкім ештеңе ұққан жоқ.

-  Сен кімсің? Не айтасың? – деді әрқайсысы өзінше шіренген шынжыр балақ, шұбар төс топ. Сүмірейген арық, көзі шарасынан шыға, жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап, қалш-қалш, дір-дір етті.

-  Ме…мен –мем… мемлекеттік тілмін…

Жер әлемде өлі тыныштық орнады.

Кенет…

Р.S. «Бұдан соң не болды?» дейсіз бе?..

Әңгіменің тақырыбына қараңыз.

Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады. Continue Reading »

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.